Павлодарда 13 жастағы оқушыны көлік қағып өлтірді

Павлодарда 13 жастағы оқушыны көлік қағып өлтірді Фото:depositphotos.com

Павлодарда жол апаты салдарынан 13 жастағы бала көз жұмды. Қайғылы жағдай 6 ақпанда сағат 18:55-те "Яблонька" бау-бақша қоғамдастығы маңында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда жол апаты салдарынан 13 жастағы бала көз жұмды. Қайғылы жағдай 6 ақпанда сағат 18:55-те "Яблонька" бау-бақша қоғамдастығы маңында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаза тапқан бала - 2013 жылы туған Әмір Жамбыл. Марқұмның ата-анасы мен жақындары әлеуметтік желі арқылы оқиға куәларын іздеп жатыр. Олар видеорегистратордағы жазбалары немесе бейнебақылау камераларынан түсірілген видеолары бар адамдардан хабарласуды сұрайды.

Туыстарының айтуынша, бір көлік балаға жол беріп тоқтаған, ал екіншісі тоқтамай, баланы қағып кеткен.

Реклама
Реклама

"Жүргізуші ұсталды. Бірақ бізге болған жағдайдың толық көрінісін қалпына келтіру маңызды", - дейді марқұмның жақындары.

Бұл деректі өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева растады. Ол 8 ақпанда оқиға орнына барып, жергілікті тұрғындармен кездескен.

Бұл тұс - республикалық маңызы бар тасжолдың бір бөлігі екені белгілі болды. Тұрғындардың айтуынша, жаяу өткел бұрыннан қауіпті.

Жергілікті халық жолдың бойында қоршаулар тұрғандықтан, жүргізушілер бұл жерді жоғары жылдамдықпен жүретін трасса деп қабылдайтынын айтады. Көп көлік жаяу жүргінші өткелінің алдында баяулатпайды.

"Камералар көбіне жылдамдықты ғана тіркейді, бірақ бізге қауіпсіздік бермейді. Жаяу өткелден өтіп бара жатқан адамды да қағып кетеді. Жүк көліктері шамамен 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп, тоқтап үлгермей жатады. Бізге түймемен қосылатын бағдаршам керек. Балаларымыз үшін қорқамыз", - дейді тұрғындар.

Бау-бақша аумағында шамамен 500 үй бар, онда 100-ден астам бала тұрады. Олар күн сайын бірнеше рет осы жолдан өтеді. Тұрғындар талай рет бағдаршам орнатуды сұраған, алайда билік тарапы жылы жауып қойған.

"Бұл жерде тұрып күтудің өзі қорқынышты, әсіресе бала үшін. Бағдаршам қойылмайынша, бұл учаске өлім қаупі жоғары аймақ болмақ", - деді Сәуле Шәкенева.

Ол сол жерде Павлодар әкімі Хасар Хабылбековке мәселені шешуді сұрап, үндеу де жолдаған. Айта кетейік, Әмір Жамбыл көпбалалы отбасындағы бес баланың кенжесі болған.

Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Жасөспірім ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 6 ақпанда Кенжекөл ауылы маңындағы автожолда JAC маркалы көлік жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінде баланы қағып кеткен. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Полиция департаменті мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды, көліктің техникалық жағдайын қадағалауды және ауа райының өзгерісін ескеруді еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама