Павлодарда балаларды ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Павлодарда балаларды ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда балаларды ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сауле Шакенова Instagram парақшасында айтты.

Еске салайық, 23 маусымда Павлодар қаласындағы №116 балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналары әлеуметтік желілерде бейнебақылау камераларынан алынған видеоны жариялаған еді. Кадрларда балабақша қызметкері балаларды киіндіріп жатып, киімдерін жұлқылап шешіп жатқаны көрінеді.

Реклама
Реклама

Басқа видеода сол әйел кішкентай қыздың шашынан ұстап, жан-жаққа сілкілеп, кейін оны итеріп жібереді. Тағы бір қызды шашынан тартып, арқасынан ұрып, орындыққа отырғызады. Артынша отырған ұл балаға бірнеше рет бетінен, ал келесі баланың басынан ұрады. Тағы бір видеода да ол сәбилерге дөрекілік танытып жатқаны байқалады.

Бұған дейін тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

"Қазір тергеу жүргізіліп жатқан №116 балабақшасының тәрбиешісімен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен бұзылды. Нақтырақ айтсақ, тәрбиелік қызмет атқаратын жұмысшының бұл қызметпен үйлеспейтін моральға жат әрекет жасағаны үшін жұмыстан босатылды", – деді Сауле Шакенова.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама