Павлодардағы базардың бірінде ер адам өзін өртемек болды

Фото:depositphotos.com

Павлодардағы "Жайлау" базарының жалға алушыларының бірі 31 тамызда өзін өртемек болды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодардағы "Жайлау" базарының жалға алушыларының бірі 31 тамызда өзін өртемек болды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"31 тамызда Павлодар қаласындағы "Жайлау" базарында жалға алушы ер адам өзін өртемек болғаны анықталды", – делінген ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәлімет бойынша, мұндай қадамға баруына жалдау ақысымен байланысты мәселелер себеп болған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен базар әкімшілігі дереу қауіпсіздік шараларын қабылдап, жедел жәрдем шақырған.

"Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ер адаммен әңгіме жүргізді. Қазір жағдай тұрақтандырылды", – деді полицияда.

Департаменттің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

Еске салайық, бұған дейін 25 тамызда кешке Алматы әуежайының Т-1 терминалында ер адам өзін өртеген болатын. Полиция қызметкерлері әуежай қауіпсіздік қызметімен бірге дереу қауіпсіздік шараларын қабылдап, өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер зардап шеккен адамды қалалық ауруханаға жеткізді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама