30 сәуір 2023 | 13:15

Павлодардағы Ленин кентіне Атамекен деген атау берілді

Фото ашық дереккөзден

Павлодардағы 10 мыңнан астам адам тұратын Ленин кентінің атауы өзгерді. Кент тұрғындары Атамекен деген атауды таңдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодардағы 10 мыңнан астам адам тұратын Ленин кентінің атауы өзгерді. Кент тұрғындары Атамекен деген атауды таңдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарға қарасты Ленин кентінің мәдениет үйінде кент атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Кент әкімі Маржан Алшымбаеваның айтуынша, тоқсан сайын тұрғындармен кездесу өтіп тұрады. Сол кездесулерде кенттің атауын өзгерту туралы өтініш жиі түсіп тұрған.

Биыл бірқатар тұрғыннан қала әкімі мен облыс әкіміне кенттің атауын өзгерту туралы өтініш түскен. Содан кейін 1 ай бұрын облыстық газеттерде 29 сәуірде қоғамдық тыңдау өтетіні туралы хабарлама таратылған.

Реклама
Реклама

"Оған дейін жергілікті тұрғындармен жиындар өтті. Ақпараттандырдық. Топтар құрылды. Көп ұсыныс түсті. 20-ға жуық атау ұсынылды. Дегенмен жергілікті тұрғындармен өткен жиындарда 7 ұсыныс іріктелді. Оған Қазанғап, Бидайық, Атамекен, Ынтымақ, Қазына, Жетінші ауыл атаулары және атауды өзгертпеу нұсқасы кірді. Одан кейін бүгінгі қорытынды жиында екі атау: Қазанғап би және Атамекенді қарастыру туралы шешім қабылданды", - деді Маржан Алшымбаева.

Қоғамдық тыңдауға кент тұрғындары, жергілікті қоғамдастық мүшелері, жақын ауылдардағы және қаладағы ауылдың тумалары, ауылға қатысы жоқ адамдар да келді. Жиналғандардың пікірі тыңдалды. Алайда шешімді жергілікті қоғамдастық мүшелері шығарды.

Дауыс беруге жергілікті қоғамдастықтың 50 мүшесі қатысып, 49 адам Атамекен атауына дауыс берді. Енді заңнама бойынша атауды өзгерту жұмысына 3-6 ай уақыт жұмсалады.

Қоғамдық тыңдауда сөз сөйлеген кент тұрғыны Заңғар Ербол ірі тұлғалардың атымен мекемелерді атаған жөн екенін айтты.

"Мен осы маңдағы Жолқұдық ауылында тұрғанмын. Сол ауылдың мешітінің атауы Қазанғап бидің атында. Қадірлі тұлғаларымыздың аты сондай қасиетті жерлерге, мекемелерге берілсе деп ойлаймын. Өйткені ұлы кісілерді ұлықтау керек. Ал ауылдың атын біреу мақтайды, біреу даттайды, біреу боқтайды. Атаңды боқтатқанша, атын мәдени ошақтарға берген жөн. Сондықтан Атамекен атауын қолдаймын", - деді Заңғар Ербол.

Ал Қайырбек Мұхамедияров - осы кенттің тумасы. Қазір де осы жерде тұрып жатыр. Ол да жиында Атамекен атауын қолдайтынын айтты.

"Әркім өз атасын мақтайды. Сонда біз қайда барамыз. Қазанғап атамызды түсініп отырмыз. Үлкен тұлға болған. Бірақ елді біріктіру үшін Атамекен аталуы керек. Мен осында туып, осында тұрып жатырмын. Менің көршім Дима ауылда 1 жыл ғана тұрады. Бірақ екеуіміздің құқығымыз бірдей. Біздің балаларымыз, немерелеріміз бірге ойнайды. Біраз уақыт өтеді, оның балалары міне менің атамекенім дейтін болады. Сондықтан Атамекен атауы болуға тиіс", - деді Қайырбек Мұхамедияров.

Айта кетейік, Ленин кентінде 10 мыңнан астам адам, оның ішінде 20-дан астам ұлт және ұлыс өкілі тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная