ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қыркүйек 2022 | 10:04
Пайдаланылған көлікті қалай сатып алуға және алданып қалмауға болады? 5 кеңес
Автокөлік сатып алу - ең маңызды және үлкен шығындардың бірі. Сонымен қатар, көп адамның салоннан көлік сатып алу мүмкіндігі жоқ, ал қайталама нарықта ақауы жоқ көлікті табу оңай шаруа емес.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Автокөлік сатып алу - ең маңызды және үлкен шығындардың бірі. Сонымен қатар, көп адамның салоннан көлік сатып алу мүмкіндігі жоқ, ал қайталама нарықта ақауы жоқ көлікті табу оңай шаруа емес.
Ескі автокөліктерді сатуға арналған көптеген жарнама кейде дайындығы жоқ жүргізушілерді шошытып жатады: іздеуді қайдан бастау керек, не нәрсеге көңіл бөлу керек, бірінші кезекте көліктің қай жерін тексеру керек және күмәнді көлікке қалай тап болмау керек - бұл сұрақтарға Aster.kz сарапшыларымен бірге жауап беруге тырыстық.
Өз қажеттіліктеріңізді анықтаңыз
Автокөлікті іздеуді бастамас бұрын, өзіңіздің бюджетіңізді дәл анықтауыңыз керек және, ең бастысы, сізге қандай көлік қажет екенін біліп алу керек:
- Көлікті қалай және қандай жағдайда пайдаланасыз? Тек қала ішінде жүресіз бе әлде тауға барасыз ба? Жоғары клиренс пен толық жетек қажет пе?
- Бұл көлікте әдетте қанша адам отырады және сізге үлкен жүксалғыш қажет пе?
- Сізге қандай көлік керек: "механика" немесе "автомат", бензин немесе дизель жағатын ба?
- Бұл көлік құралы ма, әлде беделіңізді арттыру құралы ма?
Неғұрлым дәлірек параметрлерді орнатсаңыз, іздеу шеңбері соғұрлым дәлірек болады. Яғни бір-біріне ұқсас нұсқалардың қайсысын таңдаймын деп бас қатырмайсыз. Тек болашақ автокөлікке қойылатын міндетті талаптардың тізімін жасаңыз.
Қалай болғанда да, автокөлік сатып алғаннан кейін сіздің де, жақындарыңыздың да көңілін қалдырмайтынына сенімді болғыңыз келсе, оны aster.kz сайтынан сатып алуға болады. Осылайша, сізде көлікті сынап көру және дұрысын таңдағаныңызға көз жеткізу үшін немесе басқасына ауыстыру үшін 7 күн болады.
Көліктің тарихы мен құжаттарын тексеріңіз
Сатып алудан бұрын автокөлік құжаттарын мұқият оқып шығуыңыз керек. Сатушыдан қажетті деректерді алдын ала жіберуді сұрап, кейбір ақпаратты біліп алуыңызға болады. Көліктің техникалық төлқұжаты болуы керек. Сондай-ақ сатып алу-сату шартын мұқият оқып шығыңыз, онда көлік қалай сатып алынғаны жазылады. Несиеге алынған болса, ол жабылғанын растайтын құжаттарды сұраңыз.
Әрі қарай, онлайн қызметтер ұсынатын барлық ақпаратты зерттеуіңіз керек. Мысалы, Aster Check тегін қызметін пайдалана отырып, көлікті тексеріп, мынадай ақпаратты ала аласыз:
- автокөлікті иеленудің толық тарихы: иелерінің саны мен түрі (жеке немесе заңды тұлға), есептен алып тастау және тіркеу хроникасы;
- ауыртпалықтар және бар ортақ меншік иелері туралы қолжетімді ақпарат;
- Ресей Федерациясының барлық базасы бойынша құқықтық тазалықты тексеру нәтижелері;
- нарықтық талдау: автокөліктің кейінгі 6 айдағы орташа бағасы, қанша жүргенін салыстыру.
Автокөлікті Aster.kz сияқты сенімді сатушылардан сатып алғанда, сізге заң тұрғысынан кепілдік беріледі: егер көлікке арналған құжаттарда сәйкессіздіктер болса, ескіру мерзіміне және кінәлі адамға қарамастан, автокөлік шарт бойынша қайтарылады.
Шанақ пен салонды мұқият тексеріңіз
Егер автокөлікке иелік ету тарихы және барлық құжат дұрыс болса, сатушымен кездесіп, автокөлікті мұқият тексере аласыз.
Пайдаланылған автокөлікті тексеру кезінде мыналарды сақтау керек:
- көлік құралын жан-жақты тексеру;
- иесінен автокөліктің кемшіліктерін көрсетуді, қызмет көрсету қай жерде және қаншалықты жиі жүргізілгенін, қандай жөндеу жұмыстары болғанын айтып беруін сұрау;
- көлікті оталдыруды сұраңыз, шыққан газ түсін қадағалаңыз;
- дөңгелектердің тозған-тойбағанына назар аударыңыз;
- коррозия белгілерін және бояу қабатының қалыңдығын тексеру маңызды.
Кейбір ақауларды бірден табуға болады: кішкентай ойықтар, сынықтар, сызаттар, тот басқан жерлер, түстердің сәйкес келмеуі. Өткір бұрыштан қараған кезде түсі боялғанын байқау оңайырақ. Ал жету қиын жерлерді қарауға айна мен фонарь көмектеседі. Бірақ жақсы орындалған косметикалық жөндеу автомобильдің жұмысына әсер етпейді. Дегенмен, шанақ апаттан зақымданғаннан кейін немесе жай тот басқаннан кейін қайта боялған болуы мүмкін.
Шанақты тексергеннен кейін салонды қарауға болады. Механикалық ақауларды іздеңіз: сызылған қаптау, пластикалық беттердегі сызаттар және жырықтар. Сапалы күтім болса, салон көптеген жыл бойы жақсы күйде сақталады. Педальдар мен руль дөңгелегінің төсеніштері тозған болса, ұзақ уақыт пайдаланылғанын білдіреді, ал тым ескірген орындықтар такси ретінде пайдаланылған көлік деген сөз. Сондай-ақ терезелер, салон шамдары, кондиционер, жылытылатын орындықтар және басқа опциялар жұмыс істейтініне көз жеткізу керек. Мұның бәрі бағаны түсіруге негіз болуы мүмкін.
Сонымен қатар, егер автокөлік Aster.kz дилерлерінде тексерілген немесе сатылған болса, Aster Check қызметін пайдалана отырып, мынадай ақпараттар ала аласыз:
- автомобильдің шанағы мен салон күйі;
- қозғалтқыштың, беріліс қорабы мен жүріс бөлігінің күйі,
- тексеру кезіндегі нақты жүріс көлемі туралы.
Ол үшін aster.kz сайтында Aster Check есебін алған кезде тексерілетін көліктің VIN кодын енгізіңіз - ол техникалық төлқұжатта және көлік құралының бөліктерінде көрсетілген: алдыңғы есік жақтауында, жел әйнегінің жанындағы қалқанда; қозғалтқышта - алдыңғы жағына жазылады; жылу оқшаулағыш қалқада; сол дөңгелектің ішкі доғасында; рульде немесе руль бағанында; радиатор кронштейнінде.
Автосервиске апарыңыз
Автокөлікті жеке тексергеннен кейін сенімді автомеханиктен немесе сіз сенетін автосервистен көлік құралын диагностикалауға көшкен жөн. Ең сенімдісі - регламентпен толық қызмет көрсетілген, ол сервис кітабында жазылған және өндірушінің ресми қызмет көрсету станциясы растаған автомобильдер. Мұндай көліктер жүріс пен жинағы бойынша ұқсас көліктерге қарағанда қымбатқа түседі.
Жеке тест-драйв өткізуге кеңес береміз - қозғалыс кезінде сықырлар, соққы және басқа да сыртқы дыбыстар пайда болмауы керек. Сондай дыбыстар шықса, проблема мен ақаулары бар деген сөз.
Автосервисте қозғалтқыш пен автомобильдің жүріс бөлігіне ерекше назар аударыңыз. Автокөліктің капоты асты құрғақ болуы керек. Сондай-ақ, шлангтарда жырықтар мен үзілген жерлер бар-жоғын тексеру керек. Қозғалтқыштың тұрақсыз жұмысы, сыртқы дыбыстар, шығатын түтіктен сұр немесе қара түтін - кем дегенде, бағаны айтарлықтай түсірудің себебі.
Егер көлікті Aster.kz сайты немесе қосымшасында таңдасаңыз, Aster сататын көптеген автокөліктің қозғалтқышы мен беріліс қорабына 30 күндік тегін кепілдік бар екенін ескеріңіз.
Бағасын келісіңіз
Пайдаланылған автокөлікті сатып алғысы келетін адамдардың көпшілігі үшін баға оң шешім қабылдаудың негізгі факторы саналады. Сатып алу алдында сатушымен саудаласу - қажет дүние. Саудаласу сәтті өтіп, пайдаланылған автокөлікті мүмкіндігінше тиімді сатып алу үшін, көліктің бағасы туралы сөйлескенде, мынадай тармақтарға назар аударыңыз:
- сатып алғаннан кейін жөндеуді қажет ететін ақаулар болуы;
- өндіруші белгісінің, тазалаушының және т.б. болмауы секілді сыртқы кемшіліктер;
- ішкі кемшіліктер, мысалы, лас салон, қаптаудағы ақаулар және т.б.
- сервис қызметі тарихының болмауы.
Есіңізде болсын, сатушы сізге автомобильдің барлық кемшілігін айтып бермейді, оны қымбатырақ сатуға тырысады. Автокөлік бағасы нарыққа қаншалықты сәйкес келетініне сенімді болу үшін Aster.kz онлайн-бағалау қызметін пайдалана аласыз - 30 секунд ішінде көліктің маркасын, моделін, шығарылған жылын, жүріс көлемін және аймағын көрсете отырып, оның күйіне байланысты бағасын білесіз.
Тағы бір маңызды мәселе - бюджет және сатып алу әдісі. Не күтуге болатынын алдын ала біле отырып, көлікті таңдау әрқашан ыңғайлы. Бұл үшін aster.kz сайтында 2 минут ішінде ұнаған автокөлікке кредит онлайн режимінде мақұлдауына қол жеткізе аласыз - бұл тегін. Бұл сонымен қатар несие тарихын бұзбайды және ештеңеге міндеттемейді, бірақ сенім мен мүмкіндіктерге толық түсінік береді.
Автокөлікті, әсіресе пайдаланылған көлікті сатып алу әрқашан қауіпті, оны осындай қарапайым кеңестер арқылы азайтуға болады, бірақ уақытта көлік таңдауда үнемдемеген дұрыс - әрбір нұсқаны тексеру үшін 2-2,5 сағат бөліңіз, ал орташа есеппен сіз кем дегенде 10 автокөлікті қарайсыз.
Егер автокөлікті сатып алу процесін тездеткіңіз келсе, сіз көліктің заң жағынан тазалығы мен техникалық жағдайын диагностикалау мәселесіне жауап беретін мамандарға жүгініп, уақытыңызды тек оны таңдауға арнайсыз.
Сайтта немесе aster.kz қосымшасында автокөлікті таңдау кезінде көп уақытты үнемдеуге болады, өйткені сайт кепілдіктері бар дәлелденген көліктердің ең үлкен таңдауын ұсынады. Үйден шықпай-ақ кез келген көліктің іші-сыртын 360 градустық режимде көріп, шанағы мен салонын тексеру нәтижелерімен (шанақтың барлық элементі үшін бояу қалыңдығы көрсетілген) таныса аласыз.
Фото ©РИА Новости
Показать комментарии
Читайте также