ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қаңтар 2023 | 08:44
Петропавлда 19 жастағы студент ер адамды өрттен аман алып қалды
Петропавлда Жұмысшылар кентіндегі үйлердің бірінде 1 қаңтарда өрт шықты. Оқиға орнына бірінші болып 19 жастағы студент Мария Симонова шықты. Бойжеткен өртеніп жатқан үйге жүгіріп кіріп, ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Петропавловск news" басылымына сілтеме жасап.

Марияның айтуынша, ол түтінді көріп, өрт шыққан жерге қарай жүгірген. Үйдің есігін ашқан бойжеткен төрт аяғымен шығып бара жатқан ер адамды көрді. Мария оны түтінге толы бөлмеден эвакуациялауға көмектесті, кейін ол өртсөндірушілерді шақырды. 1990 жылы туған ер адам қолы мен басынан жеңіл күйік алған, ол ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.
Оқиға орнына дереу жеткен өртсөндірушілер үйдегі өртті ауыздықтады. Өрт болған жерден үйде тұратын 1989 жылы туған ер адамның жансыз денесі табылды. Өрт 48 шаршы метр аумақта жеке заттар мен жиһазды шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
"Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы бұл жағдайда Марияның әрекетін дұрыс деп санайды және қызға немқұрайлық танытпағаны, батылдығы үшін алғысын білдіреді. Колледж басшылығы міндетті түрде хабардар болады, оны марапаттау мәселесі де қаралады", - деді Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
Мария өзін батырлық танытты деп санамайды.
"Адамдар қиындық көргенде мен шетте қалмадым... Қиын кезде өтпей, жанашырлық таныту керек! Бұл өмірде бәрімізге керек", - деп түсіндірді студент өз әрекетін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также