13 сәуір 2024 | 12:10

Петропавлда бірнеше шағынауданында тұрғындар жарықсыз қалды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Петропавлда бірнеше шағынауданында электр жарығы өшіп қалды. Ал қалада екі күннен бері су жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда бірнеше шағынауданында электр жарығы өшіп қалды. Ал қалада екі күннен бері су жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала орталығының, сондай-ақ, Петропавлдың 19, 20-шы ықшамаудандары, Зайсан және басқа да бірқатар шағынауданының тұрғындары жарықсыз қалды.

"Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметінде тілшіге Tengrinews.kz бұған қатысты пікір білдірді.

Реклама
Реклама

"Речпорт ауданында су тасқыны салдарынан ТКШ теңгеріміндегі 110 кВ электр беру желісінің тірегіне зақым келді, нәтижесінде Петропавлдың бірнеше шағынауданында электр энергиясы ішінара ажыратылды. "Солтүстік Қазақстан АЭК" АҚ бригадалары электрмен жабдықтауды қалпына келтіріп жатыр. Дүрбелеңге түспеуіңізді сұраймыз", - деді компанияның баспасөз хатшысы Динара Ходжаева.

Айта кетейік, 12 сәуірде қала тұрғындары сусыз қалғаннан кейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жақын арада электр қуаты да өшірілетіні туралы хабарлама тарата бастады. "Севказэнерго" АҚ бұл ақпарат жалған екенін хабарлады.

"Петропавл қаласында электр қуатын өшіру қаупі жоқ. Тұтынушыларды электрмен жабдықтау қамтамасыз етіледі. Барлық қажетті техникалық құрал бар, авариялық-қалпына келтіру бригадалары тәулік бойы кезекшілік етеді. Тек ресми дереккөздерге сенуді және дүрбелеңге түспеуді сұраймыз", - делінген компания хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная