Петропавлдағы түнгі клубта ер адамды атып өлтірді

polisia.kz

26 ақпан күні Петропавл полиция басқармасының 102 нөміріне облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның атыс жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Polisia.kz-тің хабарына қарағанда, 28 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген, бірақ алған жарақатынан қайтыс болған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.

Реклама
Реклама

"ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі "Адам өлтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті бірнеше сараптамалар тағайындалған. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Күдікті Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама