Премьер Кірістер мен Автожолдар комитеті басшыларын жазалауды тапсырды

Айжан Калиева Корреспондент
Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық автожол өткізу бекеттерін жаңарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық автожол өткізу бекеттерін жаңарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Бектеновке көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, қаржы министрінің міндетін атқарушы Ержан Біржанов және Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов есеп берген.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Бектеновке көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, қаржы министрінің міндетін атқарушы Ержан Біржанов және Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов есеп берген.

Реклама
Реклама

Кеңесте премьер-министр кеден қызметінің жұмысын дұрыс ұйымдастырмағаны және Ресей мен Қырғызстанмен шекарадағы автожол өткізу бекеттерін жөндеуді созбалаңға салғаны үшін жауапты министрліктерді қатаң сынға алды.

"Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті мен Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитетінің төрағаларын жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін жауапкершілікке тартуды тапсырды", – делінген Үкімет хабарламасында.

Сондай-ақ, тиісті министрлік басшылары өңірлерге жіберіліп, жергілікті жерлердегі жұмысты үйлестіру міндеті жүктелді.

Кеден қызметінің кадрлық құрамына, әсіресе өткізу бекеттерінде жұмыс істейтін мамандарға қойылатын талаптарды күшейту, оларды заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету және интернет желісіне қолжетімділікті арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, биыл Еуразиялық экономикалық одақтың (ҚХР, Өзбекстан, Түрікменстанмен шекаралас) сыртқы шекараларында 9 өткізу бекетін жаңарту жоспарланған. Оның төртеуі – "Капланбек", "Атамекен", "Көлжат" және "Алакөл" бекеттері пайдалануға берілді. Қалған бес нысанның жаңғыртылуы 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Жоспардан тыс "Жібек жолы" жолаушылар өткізу бекеті де жаңартылып жатыр, ол 2026 жылдың бірінші жартысында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Көлік және қаржы министрлеріне өткізу бекеттерін жаңарту барысы туралы премьер-министрге апта сайын есеп беріп отыру тапсырылды.

Еске сала кетейік, "ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, 2030 жылға дейін Қазақстанда 37 өткізу бекеті жаңартылуы тиіс.

Алайда жаңғырту жұмыстарына қарамастан, өткізу бекеттеріне электронды кезек жүйесін енгізу жүк тасымалдаушылар үшін үлкен қиындыққа айналды.

Жақында Ақтөбе облысындағы "Жайсан" өткізу бекетінде кезекке байланысты туындаған қиындықтар күрделі жағдайға себеп болды: километрлік кептелістер, жанжал мен жүк көлігін жүргізушілер арасындағы төбелес орын алды.

Мамыр айында пилоттық режимде іске қосылған CarGoRuqsat электронды жүйесі шекарадан өту процесін жеңілдетуі тиіс болған, алайда тасымалдаушылардың айтуынша, керісінше, жағдайды ушықтырып жіберген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама