ПОДЕЛИТЬСЯ
30 тамыз 2024 | 11:03
Премьер-министр қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтауы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министр Олжас Бектеновтің Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтауы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың конституциялық реформалары заң үстемдігінің салтанат құрып, қоғамды саяси тұрғыдан одан әрі жаңғыртуға тың серпін берді.
Әлеуметтік әділдік, рухани келісім, құқықтық теңдік сияқты құндылықтарды дәріптеп, тәуелсіздіктің берік тұғырына айналған Ата заңымыз береке-бірлігімізді бекемдеп, экономикамызды нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға табысты қызмет етіп келеді.
Еліміздің бас құжаты конституциялық құрылыстың негізгі тірегі ретінде орнықты дамуға, егемендігіміздің еңсесін биіктетуге үлес қоса бермек.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!", - делінген Премьер-министрдің құттықтауында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также