21 сәуір 2024 | 12:13

Премьер-Министрдің орынбасары мен ТЖМ басшысы БҚО-ға барды

ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті шектен асып барады. Бұл туралы БҚО әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткен айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті шектен асып барады. Бұл туралы БҚО әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткен айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Батыс Қазақстан жағдай әлі де күрделі. Таңертеңгі ақпарат бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 852 сантиметрге жетті. Яғни қауіпті деңгейден асып барады. Бұл тұрғыда Орал қаласы мен өңірдегі Ақжайық, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудандарында тасқынға қарсы жұмыстар күшейтілген режимде іске асырылып жатыр", - деді Е. Таткен.

Оның айтуынша, дәл қазір өңірге Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов келді. Олар Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге өңірдегі су басу қаупі бар аумақтарын аралайды.

Реклама
Реклама

"Қазір облыста 13 мыңнан астам адам (соның 6 мыңы бала) қауіпсіз жерге көшірілді. Жалпы, өңірдегі тиісті құрылымдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Облысқа 10 мыңнан астам техника, соның ішінде 2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Атап айтқанда, 11 мыңнан астам адам су тасқынына қарсы жұмыстарды атқарып жатыр", - деді Е. Таткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная