ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 желтоқсан 2025 10:38
Президент Тоқаев Аустралия премьер-министріне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Аустралия премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Аустралия премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптап, еліміздің атынан осы қиын сәтте Аустралия халқына сабыр тілейтінін жеткізді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу