01 қазан 2023 | 12:34

Президенттік кадр резервіне құжат қабылдау аяқталды

Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Президенттік жастар кадр резервіне үшінші іріктеуге қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды. Өтінімдерді қабылдауға берілген бір айда жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтында 30 мыңнан астам адам тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президенттік жастар кадр резервіне үшінші іріктеуге қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды. Өтінімдерді қабылдауға берілген бір айда жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтында 30 мыңнан астам адам тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 6 404 қатысушы "Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" тестілеуіне жіберілді.

"Резервке іріктеу 6 кезеңнен тұрады: құжаттарды қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, құзыреттерді бағалау (ассессмент-орталық және құзыреттілік бойынша сұхбат), сарапшылық комиссиясында әңгімелесу және Ұлттық комиссияның отырысы. Президенттік жастар кадр резерві – мемлекеттік басқару жүйесіне креативті және бастамашыл жастарды тартуға бағытталған жоба", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Іріктеу қорытындысы бойынша резервке 50 адам қабылданады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсан айының соңында жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная