Путин Макронмен қандай жағдайда сөйлесуге дайын екені айтылды

kremlin

Ресей президенті Владимир Путин Франция президенті Эммануэль Макронмен қандай жағдайда сөйлесуге дайын екені айтылды. Бұл туралы РИА Новости-ке Ресей мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей президенті Владимир Путин Франция президенті Эммануэль Макронмен қандай жағдайда сөйлесуге дайын екені айтылды. Бұл туралы РИА Новости-ке Ресей мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол Путинмен сөйлесуге дайын екенін айтты. Мұнда, сірә, президенттің тікелей желіде айтқан сөзін еске түсіру өте маңызды. Ол да Макронмен диалог жүргізуге дайын екенін білдірген. Сондықтан егер саяси тұрғыдан екітарап қаласа, мұны тек оң бағалауға болады", - деді Кремль өкілі.

19 желтоқсанда Брюссельде өткен ЕО саммитінен кейін Макрон Мәскеумен келіссөздер үшін қолайлы формат іздеу еуропалық елдердің мүддесінде екенін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Не қазіргі келіссөздер аясында ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізіледі", не болмаса "біз еуропалықтар үшін Ресеймен диалогты қайта жаңғыртудың жолдарын табамыз - ашық түрде әрі Украинамен ынтымақтастықта", - деді француз көшбасшысы.

Макрон "Владимир Путинмен қайта сөйлесу пайдалы болады" деп атап өтті. Әйтпесе, оның айтуынша, еуропалық лидерлер өзара, сондай-ақ АҚШ өкілдерімен келіссөз жүргізуге мәжбүр болады, ал олар кейін жағдайды Мәскеумен өздері талқылайтын болады. Мұндай сценарий, Франция президентінің пікірінше, "жақсы емес".

Франция президентінің бұл мәлімдемелері ЕО лидерлерінің шамамен 16 сағатқа созылған келіссөздері аяқталғаннан кейін айтылды. Саммит барысында Ресей Орталық банкінің мұздатылған шамамен 200 миллиард еуро резервінің тағдыры талқыланды. Алайда оларды тәркілеу жөнінде келісімге келе алмады.

ЕО саммитінің қорытындысы бойынша Украинаға 90 миллиард еуро көлемінде пайызсыз репарациялық несие беру туралы шешім қабылданды. Бұл қаражат қарыз алу есебінен және Ресейдің егемен активтерін пайдаланбай-ақ ұсынылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама