Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлына тағы бір қызмет берілді

Айжан Калиева Корреспондент
Фото: instagram.com/dustum

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлына тағы бір қызмет берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлына тағы бір қызмет берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адам Қадыров Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсетуді үйлестіруші куратор болып тағайындалды. Бұл туралы Шешенстанның дін және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл департаменті хабарлады. Аталған шешім Газа тұрғындарына көмекті үйлестіру жөніндегі жиын барысында қабылданған.

Екі жылда төрт лауазымға тағайындалды

Реклама
Реклама

2024 жылдың сәуір айының басында Адам Қадыров Ресей ІІМ-нің Шешенстан бойынша басқармасының кураторы қызметіне тағайындалды. Осыдан кейін ол ІІМ ішкі қауіпсіздік бөлімінің жаңа басшысын бекітіп, бірқатар қызметкерге "батыр" деп атап, медальдар тапсырды.

Бұдан кейін 17 жастағы Адам Қадыров Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне кірісті.

2023 жылдың қарашасында, небәрі 15 жасында, ол әкесінің – Рамзан Қадыровтың қауіпсіздік қызметінің басшысы болды. Кейінірек ол Ресей рекордтар кітабына өңір басшысының ең жас қауіпсіздік қызметі жетекшісі ретінде енді.

Айта кетейік, 2020 жылдан бері Адам Қадыров 16-ға жуық марапат алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама