Ресей әскері Одессаға шабуыл жасады. Ерлі-зайыпты қаза тауып, 17 адам жарақат алды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Украина ТЖМҚ/Telegram

Ресей әскери күштері сенбіге қараған түні Украинаның Одесса қаласына дрондармен шабуыл жасады. Нәтижесінде ерлі-зайыпты қаза тауып, 17 адам зардап шекті, олардың үшеуі - балалар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Одесса облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Кипердің айтуынша, "құтқарушылар дрон соққысынан зардап шеккен тұрғын үйдің қирандысының астынан қаза тапқан ерлі-зайыптының денесін алып шыққан".

Украинаның Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, ресейлік дрондар 21 қабатты тұрғын үйге соғылып, нәтижесінде 7, 8 және 9-қабаттарда өрт шыққан. Адамдар пәтерлерінде қамалып қалған. Құтқарушылар өртті сөндіріп қоймай, бір мезгілде адамдарды эвакуациялаған. Жабық және бұғатталған пәтерлерде іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Реклама
Реклама

Днепр қаласында да жарылыстар тіркелді. Оған дейін қала мен облыс аумағында әуе дабылы жарияланған болатын.

Украина Әуе күштерінің мәліметінше, бір түн ішінде Ресей әскері Украинаға 23 дронын жіберген. Негізгі соққы Одесса облысында болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама