Ресей Қазақстанға қауіпті қылмыскерді қайтарды

Айжан Калиева Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Кәмелетке толмаған адамға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін қазақстандық Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәмелетке толмаған адамға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін қазақстандық Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаскүнем 2024 жылы қарашада Қостанай облысында жасөспірімнің пәтеріне келген. Күдікті жасөспірімнің ата-анасымен достық қарым-қатынаста болған. Ер адам жәбірленушімен жалғыз қалғанда баланың жасы мен психикалық ауруын біле тұра, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.


"Осы қылмысты жасағаннан кейін күдікті Қазақстан аумағынан шығып кеткен, оған халықаралық іздеу жарияланды. Былтыр ол Ресей Федерациясының Челябі облысында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама


Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айта кетейік, бұл іс-әрекет үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама