07 мамыр 2024 | 17:02

Ресей үкіметі отставкаға кетті

government.ru

Ресей үкіметі ресми түрде отставкаға кетті. Бұл туралы Ресей министрлер кабинетінің Telegram-арнасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей үкіметі ресми түрде отставкаға кетті. Бұл туралы Ресей министрлер кабинетінің Telegram-арнасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды.

"Ресей Федерациясының Үкіметі туралы" Федералдық конституциялық заңның 35-бабына сәйкес, Ресей Федерациясы Үкіметінің жаңадан сайланған Ресей президенті алдындағы өкілеттігін тоқтату туралы шешімі Ресей Федерациясының президенті қызметіне кіріскен күні Үкіметтің бұйрығымен ресімделеді", - делінген Ресей Федерациясы министрлер кабинетінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Премьер-министр, оның орынбасарлары мен министрлер министрлер кабинетінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін міндетін атқарушы мәртебесінде жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясы президенті Әкімшілігі басшылығының өкілеттігі автоматты түрде аяқталады. Бұл мемлекет басшысының өзі тағайындайтын қызметтер туралы болып отыр. Заңға сәйкес, қызметке кіріскен президенттің шешімімен мұндай қызметкерлерге өз міндеттерін уақытша атқару жүктелуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная