07 қаңтар 2025 | 16:55

Ресейде Қазақстанның тоғыз азаматы жантүршігерлік апатқа ұшырап, оның екеуі қаза тапты

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Ресейдің Самара облысындағы Самара - Большая Черниговка тасжолының 101-шақырымында Қазақстанның тоғыз азаматы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Самара облысындағы Самара - Большая Черниговка тасжолының 101-шақырымында Қазақстанның тоғыз азаматы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты туралы ақпарат 5 қаңтарға қараған түні түскен. Апат салдарынан жеті қазақстандық зардап шекті, екеуі қайтыс болды, олардың мәйіті Қазақстанға жеткізілді.

7 қаңтар күні таңертең зардап шеккен жеті адам, оның ішінде екі бала жедел жәрдеммен Оралдағы қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларға жеткізілді.

Реклама
Реклама

Апаттан зардап шеккендерде мидың шайқалуы, аяқ-қолдардың, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, көгеру, гематома және орташа ауырлық дәрежесіндегі көптеген жарақаттар тіркелді.

Бұл операцияға төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 23 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Автоколоннаны Оралдан шекара өткеліне дейін және қарсы бағытта алып жүру үшін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная