Көлік министрлігінің мәліметінше, республикалық маңызы бар Ақтау – Бейнеу автожолының бір бөлігі ақылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік бұйрығына сәйкес, 17 тамыздан бастап республикалық маңызы бар Ақтау – Жетібай – Шетпе – Бейнеу бағыты бойынша 786-шы шақырымнан 513-ші шақырым 850 метрге дейінгі аралық ақылы негізде пайдаланылады. Бұл жол Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау трассасына жатады.
Ақылы жол бөлігінің ұзындығы – 272,15 шақырым. Бұл учаске 20 жыл бойы ақылы түрде пайдаланылады.
Айналма жолдар (альтернативалар):
Жүргізушілер келесі балама бағыттармен жүре алады: Республикалық маңызы бар Ақтау – Құрық және Құрық – Жетібай жолдары; Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы бағыты бойынша Жетібай – Жаңаөзен учаскесі; Аудандық маңызы бар Жаңаөзен – Қызылсай жолы; Облыстық маңызы бар Сай-Өтес – Қарақұдық – Қызылсай жолы.
Жол жүру ақысы (бір бағытта):
Алдын ала төлеммен: Жеңіл көлік – 127 теңге (0,0325 МРП)
16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1698 теңге
32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 3428 теңге
32 орыннан асатын автобустар және 10 тоннаға дейінгі автопойыздар – 5120 теңге
10–15 тонна аралығындағы жүк көліктері – 6856 теңге
15 тоннадан асатын жүк көліктері – 8555 теңге
Кейін төлеу арқылы:
Жеңіл көлік – 149 теңге
16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 2000 теңге
32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 4035 теңге
32 орыннан асатын автобустар және 10 тоннаға дейінгі автопойыздар – 6026 теңге
10–15 тонна аралығындағы жүк көліктері – 8063 теңге
15 тоннадан асатын жүк көліктері – 10 061 теңге
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!