ПОДЕЛИТЬСЯ
13 мамыр 2023 | 10:45
Республиканың 19 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 13 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты 19 өңірде ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 13 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты 19 өңірде ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматыда да күндіз найзағай ойнайды.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай. Облыстың солтүстігінде күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Шымкентте найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күші 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстік-батысыңда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, түнде облыстың солтүстігінде 1 градус усік күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысыңда, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также