Риддерде 31 желтоқсанда жоғалған жасөспірім екі күннен кейін аман табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы 2 қаңтарда полицейлер мәлімдеді.
"2025 жылғы 31 желтоқсанда полицияға Риддер қаласында оқу орнына барғаннан кейін үйіне қайтпаған кәмелетке толмағанның жоғалғаны туралы хабарлама түсті", - делінген материалда.
Полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындардың көмегімен іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, қызды тауып, оны үйіне жеткізді.
"Учаскелік полиция инспекторлары жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді, қауіпсіздік ережелері мен болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған шаралар түсіндірді", - деді полицейлер.
Құқық қорғау органдары іздеуге көмектескеннің барлығына алғыс айтып, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қадағалауды, олармен тұрақты байланыста болуды және қандай да бір күдік туған жағдайда 102 нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласуды еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!