11 маусым 2023 13:47

Риддерде мектепті дендросаябақ ішіне салу шешімі дау туғызды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында дендропарк ішінен салынатын мектеп құрылысына қатысты дау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында дендропарк ішінен салынатын мектеп құрылысына қатысты дау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті табиғат жанашырлары бұл саябақтың оталуына үзілді-кесілді қарсы. Өйткені ол жерде сирек кездесетін ағаштар бар. Ал әкімдік өкілдері осыдан ыңғайлы аумақ жоқ деп отыр. Оның үстіне құрылыс 15 гектар саябақтың бестен бірін ғана қамтиды дейді. Ал аталған ауданға білім беру мекемесі ауадай қажет. Себебі бала саны жыл сайын артып, мұндағы жалғыз мектепке сыймай жатыр.

Реклама
Реклама

"Осы бізге жетінші ауданға мектеп керек. Менің, мысалы, үш қызым үш түрлі уақытта барады, бірақ официально екі смена болып саналады мектебіміз, бірақ үш түрлі уақытта оқып жатыр. Кабинет жетпейді, қосымша сабақтарға никак бара алмайд балаларымыз", - дейді бес баланың анасы Ақмарал Бейбітханова.

Жұрт базынасын билік естіді. Сөйтіп, жаңа мектеп салуды шешіп, жер де бөліпті. Дәп осы тұста дау шықты. Экология жанашырлары мектепке деп бөлінген учаскеде дендропарк тұрғанын айтып, дабыл қақты. Олар жасыл желекті отап, құрылыс жүргізгенге наразы. Солардың бірі Кристина Степанова. Осы маңайда тұратын келіншек саябақты қайтсек сақтап қалуымыз керек дейді.

"Мен үшін бұл саябақтың орыны бөлек, аудан үшін де маңызды деп санаймын. Мектептің салынуына еш қарсылығым жоқ. Оған басқа учаске табуға болады. Бұл жерге коммуникация тарту да оңайға соқпайды. Ауыз су, жарықтандыру мәселесі тағы бар", - дейді Риддер қаласының тұрғыны Кристина Степанова.

Мамандардың сөзінше, мұнда инфрақұрылым тартуға әбден болады. Ең маңыздысы, бұл жер иесіз. Әрі талапқа сай және қолайлы.

"300 орындық мектеп салу үшін, 3 гектар жер керек. Оның үстіне жердің бедері тегіс болуы қажет. Сондықтан дәл осы жер учаскесі барлық талапқа сай болып тұр", - дейді Риддер қаласы құрылыс бөлімі басшысының м.а Наталья Долгова.

Әне жерде әне шприцтер жатыр, міне қоқсықтар, бәрі бұл бұрынға шейін осылай болған әлі де солай болған осы жолы ғана жинады міне. Саябақтың саябақ сиқы жоқ дейтіндер де көп. Іші қоқысқа толып, әбден тозып кеткен.

"Қысқасын айтқанда, бұл жер ішімдік ішетіндердің сүйікті орнына айналған. Мен бастапқыда саябақты сақтап қалайық деп, бастама көтергендердің бірі едім. Бірақ бұл жер нақты бір мекеменің қарамағына өтпей, қалыпқа келмейтіні анық. Сондықтан бақтың көп бөлігін сақтай отырып, мектеп салуға болады", - дейді қоғам белсендісі Ольга Шанталь.

"Енді бұл жерді саябақ деуге келе қоймас. Бұл кезінде орман техникумының оқу-тәжірибелік аумағы болған. Әрине біздің өлкеде кездеспейтін ағаштар бар. Солтүстік америкалық, сібір ағашының түрлерін айтуға болады. Бірақ олар аз және ретсіз, жүйесіз әр жерде өсіп тұр", - дейді Алтай ботаникалық бағының бөлім басшысы Андрей Винокуров.

Айтпақшы, бұл ағаштар 15 гектар аумақты алып тұр. Ал мектеп соның 3 гектарына ғана салынбақ. Ең бастысы, одан соң ол жер мемлекет қарамағына өтеді, яғни күтім болады дейді жауапты мамандар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram