Рұқсат етілмеген митингілер: 80 қазақстандық полицияға жеткізілді

Рұқсат етілмеген митингілер: 80 қазақстандық полицияға жеткізілді

1 наурызда Қазақстанда рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырмақшы болған 80 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

1 наурызда Қазақстанда рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырмақшы болған 80 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

"Бас прокуратура бірнеше рет ескерту жасағанына қарамастан, кеше азаматтар экстремист ұйымдар тыйым салған аумақтарда рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастырмақшы болды", - деді министр.

Оның айтуынша, полиция қоғамдық тәртіпті бұзғандарды ұстау үшін шаралар қабылдады.

Жарнама
Жарнама

"Шамамен 80 адам ішкі істер органдары мен полицияға жеткізілді. Кейін барлығы үйлеріне жіберілді. Төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың біреуіне айыппұл салынса, үшеуі әкімшілік қамауға алынды. Екеуі полицияға қарсылық көрсетті, біреуі рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырмақшы болды", - деді министр Тұрғымбаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама