Рыбакина Бейжің турнирінде әлемнің 66-ракеткасынан жеңілді

instagram/lenarybakina

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінен шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінен шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші кезеңінде (1/16 финал) жарыс жолынан шығып қалды.

Ол әлемнің 66-ракеткасы, Германия өкілі Ева Лиске қарсы ойнап, 3:6, 6:1, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Реклама
Реклама

Ойын 2 сағат 14 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина сегіз эйс жасап, бес қос қате жіберді және тоғыз брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Ал қарсыласы бір эйс орындап, бес қос қате жіберді және 19 брейк-пойнттың алтауын сәтті жүзеге асырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама