ПОДЕЛИТЬСЯ
13 желтоқсан 2023 | 16:53
Салық декларациясын тапсырмаған қазақстандықтарға қандай жаза қарастырылады?
Қаржы министрлігі салық декларациясын тапсырмаған қазақстандықтарды қандай жаза күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы министрлігі салық декларациясын тапсырмаған қазақстандықтарды қандай жаза күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Егер жеке тұлға декларация ұсынбаған болса, онда әкімшілік хаттама (жасалады - еск.), онда ескерту жазылады, яғни айыппұл төлеудің қажеті жоқ.
Бір жыл ішінде бұл заңбұзушылық қайталанса, айыппұл 15 АЕК болады, бұл - 51 мың теңге (2023 жылғы АЕК негізінде 3 450 теңге – еск.)", - деді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов.
Қаржы министрлігі мәліметінше, декларацияда жыл ішінде бірінші рет толық емес немесе сенімсіз ақпаратты ұсынғаны үшін тек ескерту ғана болады, ал қайталап бұзғаны үшін 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады, бұл 2023 жылы 10 450 теңге болады.
"Алғаш рет салық салу объектілерін жасырғаны үшін айыппұл жеке табыс салығы сомасының 200 пайызы болады. Егер дәл осындай заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл жеке табыс салығы сомасының 300 пайызы болады", - деді Қуандықов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также