Санкт-Петербургте белгісіз біреулер футболшыны көшеде ұрлап әкетпек болды

Санкт-Петербургте белгісіз біреулер футболшыны көшеде ұрлап әкетпек болды instagram.com/andrey.mostovoy17

"Зениттің" футболшысы Андрей Мостовойды белгісіз біреулер Санкт-Петербургте көшенің ортасында ұрлап әкетпек болған. Бірнеше адам оның қолынан ұстап, көлікке күштеп отырғызуға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash на спорте Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Спортшы қарсыласып, қашып құтылған. Оған жанынан өткен жүргінші көмектесіп, араласқан.

Арада екі күн өткенде қылмыскерлер дәл сол жерде ойын жүзеге асырып, Ресей Мемлекеттік думасы депутатының күйеу баласын ұрлап кеткен. Сценарий сол күйі қайталанған: шабуыл, зорлықпен көлікке отырғызу, кейін қорқытып, ақша бопсалау.

Реклама
Реклама

Ер адамды 2,5 миллион рубльді (шамамен 17 миллион теңге - еск.) қолма-қол беруге мәжбүрлегеннен кейін босатқан. Қазір күдіктілер ұсталды, адам ұрлау және қарақшылық деректері бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама