Семей тұрғындары жер сілкінісін сезді

Фото:depositphotos.com

Қазақстандық сейсмологтар 2 балдық жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық сейсмологтар 2 балдық жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы 27 қыркүйекте ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"ҚР ТЖМ "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 27 қыркүйекте, Астана уақытымен 22:51-де жер сілкінісін тіркеді", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 852 шақырым жерде орналасқан.

Министрлік мәліметінше, Семейде есептік қарқындылығы 2 балл болды. Жапа шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, 21 қыркүйекте Алматы тұрғындарының ұялы телефондарына жер сілкінісі туралы ескертулер келіп түсті. Бірақ қалада дабыл қағылған жоқ. Қалалық ТЖД тұрғындарды сабыр сақтауға шақырып, сейсмологтардан күшті жер сілкінісі жөнінде ақпарат түспегенін хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама