Семейде жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Абай облысы ПД

Семейде жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды. Оны іздеуге мыңнан асам адам жұмылдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысының ПД-не сілтеме жасап.

Семейде жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды. Оны іздеуге мыңнан асам адам жұмылдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысының ПД-не сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, баланы Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Бекен Асыл мен Жұмағалиев Дархан тапқан. "Олардың табандылығы мен кәсібилігінің арқасында іздеу операциясы сәтті аяқталды", – делінген хабарламада.

"Жоғалған бала үйінен шамамен 10 шақырым қашықтағы орманнан табылды. Оны Затон полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тапты.Қиын жағдайға қарамастан, полиция қызметкерлері іздеуді бір сәтке де тоқтатпады", – деді өңірлік полиция департаменті.

Реклама
Реклама

Полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың анасымен қауышқан сәтінің видеосын жариялады.

"Ұзақ уақытқа созылған іздеуден кейін көптен күткен сәт жетт3 - анасы ұлын құшағына алды. Бұл көрініс барша жанның жүрегін елжіретті. Полиция, құтқару қызметтері және бей-жай қарамаған тұрғындардың арқасында бала аман-есен табылды", – деп хабарлады полиция.

Полиция іздеу жұмыстарына қатысқан және көмектескен барлық азаматқа алғыс айтты.

Еске салайық, 7 жасар ерекше бала 21 маусымда кешке үйден шығып, жоғалып кеткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама