Семейде құдыққа түсіп кеткен ит құтқарылды

Семейде құдыққа түсіп кеткен ит құтқарылды Видео кадры

Семейде құтқарушылар су толы терең құдықтан итті шығарып алды. Жануар құтқарылған видео ТЖМ-нің Telegram-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейде құтқарушылар су толы терең құдықтан итті шығарып алды. Жануар құтқарылған видео ТЖМ-нің Telegram-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, Семейдегі Матяш көшесінде қаңғыбас ит су толы құдыққа құлап кетіп, өздігінен шыға алмаған. Иттің үрген дауысын өтіп бара жатқан адам естіп, 112 нөміріне қоңырау шалған.

"Құтқарушылар жануарларды ұстауға арналған құралдың көмегімен итті шығарды. Төртаяқты аман қалды. Жануар зардап шеккен жоқ", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама