“Сенсация жасаған спортшы“: Шетелдік БАҚ Михаил Шайдоров туралы не дейді?

“Сенсация жасаған спортшы“: Шетелдік БАҚ Михаил Шайдоров туралы не дейді? ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жеке сырғанаудан алтын медаль жеңіп алды. Оның жеңісі турнирдегі ең көп талқыланған оқиғалардың біріне айналып, халықаралық БАҚ-та кеңінен жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жеке сырғанаудан алтын медаль жеңіп алды. Оның жеңісі турнирдегі ең көп талқыланған оқиғалардың біріне айналып, халықаралық БАҚ-та кеңінен жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ не дейді?

The New York Times басылымы Instagram-парақшасында жазба жариялады.

Реклама
Реклама

"Қазақстандық Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жеке мәнерлеп сырғанаудың ақтық сынында сенсация жасап, алтын медаль жеңіп алды және АҚШ құрамасының көшбасшысы Илья Малининді басып озды", - деп жазады басылым.

БАҚ дерегінше, Шайдоров тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алғашқы Олимпиада чемпионы атанды.

Америкалық The Athletic те 2026 жылғы Олимпиадада қазақстандық Михаил Шайдоровтың алтын алуына қатысты мақала жарияланған.

Басылым Instagram-да мақаладан үзінді жариялап, Малининнің бағдарламасын талдаған.

"Бәрі аяқталған кезде Илья Малинин алтыннан айырылғанын түсінді. Күмістен де. Қоладан да. Нәтижесінде басты фаворит саналған спортшы, 21 жастағы америкалық Малинин ерлер арасындағы жеке сырғанауда жүлдесіз қалды", - деп жазды басылым.

Авторлардың пікірінше, Малинин қобалжуды еңсере алмаған.

"Quad God" сегізінші орын алды да, олимпиада дебютінде құлады. Михаил Шайдоров Қазақстанға қысқы Олимпиададағы тарихи екінші алтынды еншіледі", - делінген жарияланымда.

Ал беделді The Guardian мынадай тақырыппен материал шығарды:

"Илья Малинин екі рет құлады, ал қазақстандық Шайдоров сенсация жасап, Олимпиада алтынын жеңіп алды".

"Ерікті бағдарлама алдында сөзсіз фаворит болған 21 жастағы америкалық Олимпиада титулын қазақстандық Михаил Шайдоровқа беріп қойды. Бұл сырғанаудағы ең ірі сенсациялардың бірі ретінде аталып жатыр", - деп жазады мақалада.

Өз кезегінде SBS Sport та қазақстандықтың жеңісі туралы жазба жариялады.

"Шайдоров 2025 жылы әлемдік деңгейде өзін танытып, мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған еді, ал одан кейінгі Олимпиададағы жеңіс - мүлде жаңа деңгей", - делінген постта.

Тарихи алтын

Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өткен 2026 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.

Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы 5-орында болды (92,94 ұпай). Алайда еркін бағдарламада 198,64 ұпай жинап, жалпы 291,58 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Бағдарламада ол бес төрттік секіру орындады.

Күміс медальді Жапония спортшысы Юма Кагияма (280,06 ұпай), қола медальді оның отандасы Шун Сато (274,90 ұпай) иеленді.

Бұл жеңіс Қазақстан тарихындағы қысқы Олимпиада ойындарындағы екінші алтын медаль және мәнерлеп сырғанаудағы алғашқы алтын болды. Еске салайық, қысқы Олимпиададағы алғашқы алтынды Қазақстанға 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов алып келген.

Бұған дейін Қазақстан үшін Олимпиададағы мәнерлеп сырғанаудан ең үздік нәтиже 2014 жылы Денис Тен жеңіп алған қола медаль еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама