Шахтинскідегі төтенше жағдай: бес полицей мен үш тұрғын зардап шекті

Шахтинскідегі төтенше жағдай: бес полицей мен үш тұрғын зардап шекті instagram/vkyrse_shakhtinsk

Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылысы болды. Соның салдарынан сегіз адам зардап шекті, олардың бесеуі - тұрғындардың шақыруымен келген полиция қызметкерлері. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылысы болды. Соның салдарынан сегіз адам зардап шекті, олардың бесеуі - тұрғындардың шақыруымен келген полиция қызметкерлері. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы хабар Қарағанды облысы ТЖД-нің 112 пультіне полициядан түскен. Хабар алынғаннан кейін төрт минут ішінде ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жетті. Барған кезде жиһаз бен тұрмыстық заттардың өртеніп жатқаны анықталған.

Реклама
Реклама

Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан бес адамды баспалдақ арқылы эвакуациялады. Өртсөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері де тұрғындарды эвакуациялаған, қалғандары өз бетімен ғимараттан шыққан.

Тұрғындар үшін ТЖМ вахталық көлігі арқылы жылу ұйымдастырылып, жылу пункті ашылды.

ТЖМ күштері өртті толықтай 40 шаршы метр аумақта сөндірді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында ТЖД басшысының жетекшілігімен өрт сөндіру штабы құрылды. Мұнда өртсөндірушілер, құтқарушылар, медицина қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдар өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бөтен мүлікті қасақана жоюға әкеп соққан өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер 40 жастағы күдіктіні ұстады. Қазір ол Шахтинск қалалық ауруханасының арнайы палатасында ем алып жатыр және күзетпен ұсталып отыр. Сауығып шыққаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалады. Қазір жан-жақты және объектив тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама