Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түскен оқиға: сот отырысының күні белгіленді

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түскен оқиға: сот отырысының күні белгіленді Видео кадры

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол апаты ісін қарайтын күнді белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол апаты ісін қарайтын күнді белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты қылмыстық іс сотқа берілді.

"Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталушы Рахмонова Гүлайым Сәрсенбекқызына қатысты қылмыстық іс қабылдансын. Іс бойынша алдын ала тыңдау 2026 жылғы 16 ақпанда сағат 15:00-де Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратына тағайындалсын", - деп жазылған сот хабарламасында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2025 жылы 27 шілдеде сағат 08:50 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысынан Алматы қаласына қарай келе жатып, тізгінге ие бола алмай, жол апатына ұшыраған еді.

Жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді.

Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы ауруханадан шығарылғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама