16 наурыз 2024 | 14:22

Шу қаласында бес қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Күні кеше шулық тұрғындарға Наурыз мейрамы аясында тағы бір тамаша тарту жасалды. Шуда 30 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй ел игілігіне берілді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Күні кеше шулық тұрғындарға Наурыз мейрамы аясында тағы бір тамаша тарту жасалды. Шуда 30 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй ел игілігіне берілді.

Мұнда бір бөлмеден бастап, төрт бөлмелі пәтерлер де орналасқан. Бұл жобаның бір ерекшелігі – тұрғындар алған пәтерлерінің 30 пайызын алдын ала төлесе, қалған бөлігін 5 жылға пайызсыз төлейтін болады. Демек, сіз 10 миллионға пәтер алсаңыз, 3 миллион теңгесін бірден төлеп, қалған 7 миллионын 5 жылдың ішінде үстемеақысыз төлей аласыз.

Реклама
Реклама

Осылайша, серіктестіктің негізін қалаушы, жеке кәсіпкер Арман Абаев жерлестерімізге пәтерге қол жеткізудің дәл осындай ыңғайлы тәсілін ұсынып отыр.

Пайызсыз баспана алған Дидар Сандыбайқызы ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Жаңа баспана иесі "халыққа тиімді, жайлы, жылы тұрғын үйлер көбейе берсін" дейді.

"Аллаға шүкір, бүгін кілтті алып жатырмыз. Рақмет. Үйі жоқтарға жұғысты болсын. Қарап шықтым, өте керемет ұнады. Жылы. Ойымдағыдай болды" - дейді ол.

Жұртшылыққа қолайлы жоба біраз жанға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Жамбыл облысының әкімдігі ұсынды

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная