04 ақпан 2024 16:32

Шымкентте жер сілкінісі салдарынан газ құбыры зақымданды

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шымкент газ құбырындағы апаттың егжей-тегжейі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент газ құбырындағы апаттың егжей-тегжейі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

3 ақпанда "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне Шымкент қаласының Мәртөбе шағын ауданындағы Ақдала көшесінде газдың иісі шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Газ құбырындағы ақау дереу анықталып, оны жедел қалпына келтіру жұмыстары түні бойы жүргізілген. Тұтынушыларды газға қайта қосу жұмыстары 4 ақпан күні таңертең толығымен аяқталды.

Тұтынушыларды табиғи газға қайта қосу жұмыстары толық аяқталды.

Реклама
Реклама

"Болған жағдайға тоқталсақ, кеше диаметрі 325 мм жоғары қысымды жерасты газ құбырында газдың ауаға тарап жатқаны анықталды (газ құбыры 1970 жылдары пайдалануға берілген). Қауіпсіздік мақсатында және Апатты жою үшін жеке сектордың 1 450 тұтынушысы, 7 өнеркәсіптік кәсіпорын және 12 коммуналдық-тұрмыстық объекті газдан шұғыл жүйесінен ажыратылды", - делінген хабарламада.

Апатты жағдайды жоюға және газды қайта қосу жұмыстарына "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ШӨФ, "Шымкент" МГҚ "Интергаз Орталық Азия" АҚ және "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС тарапынан 40 адам, сондай-ақ 5 арнайы техника жұмылдырылды.

"Газ құбырындағы бұл жағдай жақында болған жер сілкінісі салдарынан пайда болды. Бұған дейін де осындай жағдай Қайнар ауылының маңындағы орта қысымды жерасты газ құбырында тіркелген болатын. Өз кезегінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, "Интергаз Орталық Азия" АҚ және "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС-мен бірлесіп өткен жер сілкінісінен кейін 23 қаңтардан бастап қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күн сайын газ құбырларын тексеріп келеді. Бұл жұмыстар үшін "ДЛС-Пергам" мобильді зертханасы қолданылады", - деп хабарлады ҚазТрансГазАймақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram