09 сәуір 2020 | 12:47

Шымкентте мас жүргізуші полицейді капотында сүйреген

Шымкентте жүргізуші учаскелік инспекторды капотында сүйреп, көлігімен жаяу жүргіншінің аяғын басып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жүргізуші учаскелік инспекторды капотында сүйреп, көлігімен жаяу жүргіншінің аяғын басып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 30 наурызында кешкі сағат 18.30 шамасында тұрғын үйдің ауласында мас ер адам аула сыпырушылардың жұмысына наразылық білдіріп, былапыт сөйлеп, балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Оқиға орнына келген учаскелік инспектор Ерхан Абдураимов ер адамның құжаттарын көрсетуін талап етіп, Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының №25 тірек пунктіне бірге баруын сұрады.

Реклама
Реклама

Алайда ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, көлікке отырып, жасырынып кеткісі келді. Оны тоқтату және автокөлікті басқаруға жол бермеу мақсатында полиция қызметкері капотына секіріп, 800 метрден астам жол жүргеннен соң, қайта түсті. Ары қарай жүргізуші бірнеше метр жүріп, жолдан өтіп жатқан үлкен жастағы жаяу жүргіншінің аяғын басып кетті.

"Патрульдік полиция қызметкерлері жедел іс-әрекет барысында жүргізушіні анықтап, ұстады. Ол Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғыны болып шықты. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік айып тұрағына салынды. Жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы ("Билік өкіліне қатысты күш қолдану") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram