Шымкентте патрульдік полиция полкі ротасының командирі ұсталды

Видео кадры

Шымкент полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қала тұрғындарының бопсалау және делдалдар арқылы пара алу жайты туралы арызы бойынша патрульдік полиция полкі ротасының командиріне қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жиналған материалдардың нәтижесінде және қала прокуратурасының келісімі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Шымкент полиция департаментінің басшылығы заңды теріс пайдалану мен антты бұзудың кез келген көрінісіне қатаң ден қояды. Бұрынғы еңбегіне қарамастан, бірде-бір кінәлі тұлға мундирдің абыройына нұқсан келтіретін әрекеттері үшін жауапкершіліктен құтыла алмайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама