21 ақпан 2023 | 17:42

Шымкенттегі атысқа қатысты тың дерек шықты

Шымкент қалалық Полиция департаменті ер адамның қару-жарақ дүкеніне жасаған шабуылы және осының кесірінен болған атыс туралы толық мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қалалық Полиция департаменті ер адамның қару-жарақ дүкеніне жасаған шабуылы және осының кесірінен болған атыс туралы толық мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1973 жылы туған Өзбекстан азаматы дүкенге аңшы мылтығын аламын деген сылтаумен кіріп, содан кейін дүкен қызметкерін қорқытып, "Сайга" маркалы тапаншасын сөреден алып беруге мәжбүрлеген. Дабыл бойынша келген күзет агенттігі қызметкерлерінің бригадасын байқаған ер адам кесілген шолақ мылтықтан олардың бағытына оқ атқан, содан кейін атыс басталған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Нәтижесінде күзетшілердің бірі қолынан жарақат алып, саусағынан айырылды. Екінші күзетшінің оқ өтпейтін жилетіне оқ тиген.

Реклама
Реклама

Аталған факт ҚР ҚК "Тонау", "Адам өлтіруге оқталу", "Атыс қаруын заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" баптары бойынша тіркелген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная