Шымкенттің бас сәулетшісі ұсталды

Айжан Калиева Корреспондент
Фото:gov.kz

Бірнеше Telegram-каналдар мен БАҚ Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Абдешовтің ұсталғаны туралы хабарлады. Ол бөтеннің мүлкін иемденді деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше Telegram-каналдар мен БАҚ Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Абдешовтің ұсталғаны туралы хабарлады. Ол бөтеннің мүлкін иемденді деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК дерегіне сүйенсек, оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі ("Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша айып тағылған.

Шенді қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатыр.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталу Шымкенттегі қазіргі қызметімен ғана емес, Арман Абдешовтің Жамбыл облысында 2020 жылғы тамыздан 2022 жылғы қазанға дейін сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып жұмыс істеген кезеңімен де байланысты болуы мүмкін. Ал 2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы желтоқсанға дейін ол Тараз қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарған.

Редакция ҰҚҚ мен Шымкент әкімдігіне бірнеше сұрау жолдады. Айта кетейік, Абдешов 2025 жылғы 28 ақпаннан бері Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.

Арман Абдешов еңбек жолын 2007 жылы "Сым-Тас Проект" ЖШС-де 1 санатты инженер ретінде бастаған, ал бір жылдан соң техникалық директор қызметіне көтерілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама