15 қыркүйек 2024 | 09:49

Синоптиктер Астана және Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы 4 қала тұрғындарын ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы 4 қала тұрғындарын ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылы 15 қыркүйекте Ақтөбе, Алматы, Риддер, Өскемен, түнде Астана, Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Реклама
Реклама

Синоптиктер сондай-ақ 15 қыркүйекке арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

"Кең антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Солтүстікте, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстікте, шығыста, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі", - дейді метеорологтар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram