СҚО-да 15 жастағы бала қолдан жасалған тапаншадан өзіне оқ атып, көз жұмды

Фото:depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім қолдан жасалған тапаншадан өзіне оқ атып, көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім қолдан жасалған тапаншадан өзіне оқ атып, көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға кезінде үйде ата-анасы болмаған. Ұлын әкесі тауып алған. Полиция бұл оқтың абайсызда тигені, әлде әдейі атылғаны, жасөспірімнің қаруды қалай жасағаны және өзге де мән-жайларды анықтап жатыр.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл деректі растады.

Реклама
Реклама

"Жамбыл ауданының Пресновка ауылында кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицейлер ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін атап өтті.

Бұған дейін Петропавлда қоқыс полигонынан басынан жарақат алған 23 жастағы ер адам табылғанын хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама