Смайылов Сапарбаевпен қоштасу рәсімінде Президенттің көңіл айту хатын оқып берді

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Әлихан Смайылов белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Әлихан Смайылов белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамын. Бердібек Машбекұлы ұзақ жылғы еселі еңбек жолында лауазымды қызметтерді абыройлы атқарып, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өркендеуіне және өңірлерді дамытуға мол үлес қосқан еді. Мемлекетіміздің сындарлы саясатын үлкен біліктілікпен жүргізе біліп, Қазақстанның беделі мен мәртебесінің арта түсуіне қажыр-қайратын жұмсады. Азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленді. Соңына өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - делінген Мемлекет басшысының көңіл айту хатында.

Реклама
Реклама

Премьер-министр Үкімет мүшелері және өзінің атынан көңіл айтты.

"Бердібек Машбекұлы өзінің еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты. Қай қызметте болсын, халық мүддесіне бар күш-жігерін жұмсап еңбек етті. Бердібек Машбекұлының ерен еңбегі мен жарқын бейнесі халық есінде мәңгі сақталады", - деді Әлихан Смайылов.

Еске салайық, Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі Алматыдағы Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті. Марқұммен қоштасуға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Үкімет мүшелері, бірқатар облыс әкімдері, Парламент депутаттары, мәдениет, спорт және басқа да салалардың өкілдері қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная