“Соққыға жығып, жедел жәрдем шақыртпаған“: әйелі кәсіпкер күйеуін айыптады

“Соққыға жығып, жедел жәрдем шақыртпаған“: әйелі кәсіпкер күйеуін айыптады Кейіпкердің жеке архивінен

Алматы тұрғыны Әнел Аманғалиева күйеуін, кәсіпкер М.Б.-ны аңдып, қорлық көрсетті деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғыны Әнел Аманғалиева күйеуін, кәсіпкер М.Б.-ны аңдып, қорлық көрсетті деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желідегі жазба

Әлеуметтік желіде Әнел Аманғалиева күйеуі М. Б. өзіне қоқан-лоқы көрсетіп, аңдып жүргенін жазды. Жазбада ол жұбайы өзін бірнеше рет ұрып-соққанын, өлтіремін деп қорқытқанын, бопсалағанын, сондай-ақ, беделін түсіру үшін жалған аккаунттар ашқанын айтты.

Реклама
Реклама

Ол өз өміріне қауіптенетінін және бұл адамның басқа да құрбандары болуы мүмкін екенін жеткізді. Оның жазбасына жауап ретінде Threads желісінде өзге әйелдер де осы кәсіпкер оларды қорлағанын жазған:

"Маған да жазып, мазалайтын! "Интим сипаттағы суретіңді жасап қоямын" деді! Барлық скриншот менде бар! Оны қамау керек", – деп жазды қолданушылардың бірі.

Threads-тегі пікірлердің скриншоты

Мән-жай

Әнел Аманғалиеваның айтуынша, ол күйеуімен 2014 жылы танысқан, бірақ жақын қарым-қатынас 2023 жылы орнаған. Әйелдің сөзінше, әуелде ер адам қамқор болып көрінген, алайда 2024 жылғы желтоқсанда некесі ресми қиылғаннан кейін бәрі өзгерген.

Әнелдіің айтуынша, күйеуі оның бұрынғы қарым-қатынастары туралы білгеннен кейін шектен тыс қызғаныш көрсете бастаған. Әйел ажырасуды ұсынғанда, күйеуі қорлау, айыптау, тіпті суицидпен қорқыту сияқты әрекеттерге барғанын айтады.

"Ол мені өз "меншігі" сияқты көрді. "Сені ешқайда жібермеймін, сен – мәңгілікке менің әйелімсің" дейтін. Бұрынғы қатынасым үшін ұялтып, тілдеп, кемсітті. Ажырасайық дегенімде, "өзімді өлтіремін" деп қорқытатын. Оның қолын тіліп, тамырын кескен видеолары да болды. Мен барып, құтқаратынмын. Дәрі ішетін. Мен тағы барамын. Бір кезде мұның бәрі мені өз дегеніне көндірудің амалы екенін түсіндім".

Әйелдің айтуынша, күйеуі алғаш рет оны 2025 жылдың жазында, шетелде ұрған.

"Қонақүй бөлмесінде ұрды. Мұрын тұсынан алты рет ұрды. Содан кейін есімнен танып қалдым. Өзіме келгенде жедел жәрдем шақыртпады, телефонымды алып қойды, ешкімге хабарласа алмадым. Қазақстанға ұшуға бір-ақ күн қалған еді. Сол кезде тек төзіп, бәрі жақсы деп, елге қайтуды ойладым", – деді Әнел.

Қазақстанға оралған соң ол жарақатын тіркеткен: орташа дәрежелі ми шайқалуы және мұрнының ығысуы бар сыну анықталған. Бірақ ол кезде полицияға арыздануға қорыққан. Әйел күйеуінің "өзгеремін" деген уәдесіне сеніп, психологқа қараламын дегеніне үміт артқанын айтады.

Ажырасуға талпыныс

Әйелдің сөзінше, қарым-қатынас "зорлық-зомбылық шеңберіне" айналған: ашуға мінгеннен кейін ер адам кешірім сұрайды, бірақ артынша бәрі қайта қайталанады.

Ол ажыраспақ болған сәттерде күйеуі оның интим суреті қойылған Telegram аккаунтын ашып, соған сілтемені Instagram желісіне жариялағанын айтады. Сондай-ақ бұл фотоларды оның тұтынушылары мен таныстарына таратып жіберемін деп қорқытып, абыройына және кәсібіне зиян келтіруді көздегенін жеткізді.

"Мен барынша ересектер секілді айырылысқым келді, бір кезде ол сабасына түскендей болды. Бірақ 2025 жылғы желтоқсанда, мен сериалға басты рөлге түсе бастағанда, оның тағы да "ұстамасы" ұстап, қайта күйзеліске түсті. Сол кезде қорқыту тоқтамай кетті", – деді Әнел.

Әнел ұсынған скриншоттар

Жағдай 2026 жылғы қаңтарда тіпті ушығып, қоқан-лоқы оның бірінші некеден туған 8 жастағы ұлына да қатысты айтыла бастаған.

Әйелдің айтуынша, күйеуі "адам жалдаймын" деп қорқытқан және "бандиттерден келгендей" дауыс хабарламаларын жіберіп, олар оған қару жеткізіп келе жатқанын айтқан. Сондай-ақ, Әнелдңғ сөзінше, ол әріптестері мен таныстарына "оны өлтіріп, кейін өзімді өлтіремін" деп жазған.

Әнел Аманғалиева ер адамды ұрып-соғу, өлтіремін деп қорқыту, сондай-ақ, беделіне нұқсан келтіру бойынша жауапқа тартуды және ажырасу процесін жеделдетуді талап етті.

"Бұған дейін де бірнеше рет ажырасуға арыз бердік. Қазір де заң жүзінде әлі некедеміз", – деді Әнел.

Ол бұл адамның әрекетінен зардап шеккендер саны бұдан көп болуы мүмкін екенін айтып, басқа қыз-келіншектерді де полицияға жүгінуге шақырды.

Полицияның түсіндірмесі

Бұл жағдайға байланысты Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сауал жолданды.

"Бұл жарияланымда көрсетілген деректер заңнамаға сәйкес тәртіппен тіркелді. Келтірілген мән-жайларды жан-жақты, толық әрі объектив тексеруге бағытталған, қолданыстағы заңнамада көзделген қажет іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері тексеріс аяқталғаннан кейін ер адамға қатысты заңды процестік шешім қабылданатынын қосты.

Әнел Аманғалиева 2 ақпанда күйеуіне арыз жазғанын, полицияда түсініктеме бергенін, жауап алынғанын және медициналық сараптама қорытындысын қоса алғанда дәлелдерді ұсынғанын айтты. Қазір ол филологиялық сараптама дайындап, хат алмасуларды тергеу үшін нотариус арқылы рәсімдеп жатыр.

Ерлі-зайыпты әлі де некеде. Аманғалиеваның айтуынша, күйеуі 23 қаңтарда елден шығып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама