Сорбұлақтан тікұшақ сынықтары мен бір адамның денесі табылған

Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі Сорбұлақтағы тікұшақ апатына қатысты жаңа мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі Сорбұлақтағы тікұшақ апатына қатысты жаңа мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, Сорбұлақтан тікұшақ сынықтары мен бір адамның денесі табылған.

Қорғаныс министрлігі, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың бірлескен жұмысы аясында, "Қазақстан Ғарыш Сапары" акционерлік қоғамының қолдауымен спутниктік деректерді пайдалана отырып, математикалық есептеулер жүргізілді. Бұл тікұшақтың ықтимал орналасқан аумағын анықтауға мүмкіндік берді.

Реклама
Реклама

"Бұл ауданға жедел түрде іздеу топтары мен арнайы техника жөнелтілді. Су астындағы жұмыстар барысында ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері шамамен 14 метр тереңдікте әуе кемесінің ішінара сынықтары мен бір адамның мәйітін анықтады. Қазір сәйкестендіру процедурасы жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Іздеу жұмыстары су астында дұрыс көрінбей, лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түскен. Бұл сүңгуірлер мен инженерлік бөлімшелердің жұмысын айтарлықтай баяулатады. Қиын жағдайға қарамастан, жұмылдырылған барлық күшт операцияны мүмкіндігінше тез аяқтау үшін үйлесімді әрі мақсатты түрде әрекет етіп жатыр.

Еске салайық, 25 шілдеде Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті. 26 шілдеде тікұшақтың сынықтары Сорбұлақ көлінен табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама