“Сорбұлақтың жартысын тексердік“ - ТЖМ өкілі жоғалған тікұшақ туралы

Айжан Калиева Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Алматы облысында жоғалып кеткен әскери тікұшақты іздеу жұмыстарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Алматы облысында жоғалып кеткен әскери тікұшақты іздеу жұмыстарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, құтқарушылар әлі Сорбұлақ су қоймасы аумағының жартысына жуығын тексеруі керек.

"Сорбұлақ аумағының шамамен 50 пайызын тексердік. Барлық іздеу жұмысы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен жүргізіліп жатыр. Біз өз күшіміз бен ресурстарымызды ұсындық. Іздеу жұмыстары таңнан күн батқанға дейін жалғасып жатыр. Сорбұлақтағы судың тереңдігі 5-тен 25 метрге дейін жетеді. Түбі батпақ. Тіпті бір метр тереңдікте ештеңе көрінбейді", - деп түсіндірді ТЖМ өкілі.

Реклама
Реклама


Еске салайық, 25 шілдеде Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті. 26 шілдеде тікұшақтың сынықтары Сорбұлақ көлінен табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама