Сот қазақстандықтан 5 миллиард теңгеге жуық қаражат өндірді

Сот қазақстандықтан 5 миллиард теңгеге жуық қаражат өндірді Фото:depositphotos.com

Ұлытау облысында 4,8 миллиард теңгеге марганец кенін заңсыз өндіру схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысында 4,8 миллиард теңгеге марганец кенін заңсыз өндіру схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мәлімдеді.Ұлытау облысының прокуратурасы Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, облыс аумағында марганец кенін заңсыз өндірудің қылмыстық схемасын анықтады.

"Қостанай облысының 50 жастағы тұрғыны 2020–2023 жылдар аралығында жер қойнауын пайдалануға лицензиясы мен келісімшарты болмағанына қарамастан "Шығыс Қаражал" кен орнында марганец кенін заңсыз өндірген. Сонымен қатар, қолма-қол ақшаға айналдыру және жалған мәмілелер жасасу арқылы пайдалы қазбалардан түскен табысты заңдастырған", – деп хабарлады прокуратура.

Реклама
Реклама

Осы кезеңде 16 мың тоннадан аса кен жөнелтіліп, мемлекетке 1,3 миллиард теңгеден аса залал келтірілген.

Өңделген темірмарганец кенін ел ішінде де, шетелге де сатып, 3,5 миллиард теңгеден аса табыс тапқан.

Ұлытау облысының соты айыпталушыны 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айырып, кейін жер қойнауын пайдалану саласында 5 жыл мерзімге қызметпен айналысуына тыйым салды.

"Мемлекет кірісіне 4,8 миллиард теңге өндірілді, сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған үш жеңіл көлік пен екі жүк көлігі тәркіленді", – деп мәлімдеді прокуратура.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама