“StroyKz09“ ретінде танымал куратор: Қарағандыда арнайы операцияның мән-жайы ашылды

“StroyKz09“ ретінде танымал куратор: Қарағандыда арнайы операцияның мән-жайы ашылды Видео кадры

Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысының полиция департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы бағытталған кешенді және жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.

Іс-шаралар барысында 14 қаңтарда Қарағандыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жүргізген арнайы операция нәтижесінде есірткі заттарын заңсыз өткізді деген күдікпен 21 және 39 жастағы екі күдікті ұсталды.

Реклама
Реклама

Тінту барысында күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан әртүрлі телефондар, электрон таразылар, қаптама материалдары, сондай-ақ өсімдік және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылып, тәркіленді.

"Атап айтқанда, жалпы салмағы шамамен 30–40 грамм жасыл түсті спайс тәрізді зат салынған 30-дан астам орама, сондай-ақ, ақ және қоңыр түсті ұнтақ тәрізді заттары бар, жалпы салмағы 10 грамнан асатын орамдар анықталды", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктілер 2025 жылғы тамыздан бастап есірткі заттарын таратумен айналысқан интернет-дүкендердің бірінде курьер ретінде заңсыз қызмет атқарғаны белгілі болды. Олардың әрекетін "StroyKz09" лақап атымен тіркелген белгісіз адам ұйымдастырып отырған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама