Кеше | 15:36

"Сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген": полиция үндеу жасады

Фото: depositphotos.com

Полиция қазақстандықтарды Қызылорда облысында жыныстық құлдыққа түскен 16 жастағы оқушының ісіне байланысты жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция қазақстандықтарды Қызылорда облысында жыныстық құлдыққа түскен 16 жастағы оқушының ісіне байланысты жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін, "НеМолчи.kz" қорының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында 16 жастағы оқушыны сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы ақпарат пайда болды.

"Әлеуметтік желіде пайдаланушылар ақпараттың рас-өтірігіне көз жеткізбей, жалған ақпарат таратады. Атап айтқанда, әлеуметтік желіде "Қызылорданың мектеп ОПГ мүшелері сыныптасын секс-құлдықта ұстады" тақырыбында және осы істің төңірегінде көптеген жалған ақпарат пайда болды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, кәмелетке толмаған күдіктілер ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу соты күдіктілерге қатысты үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

"Жәбірленуші тарап 6 ай бойы құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, жан-жақты, толық және объективті тергеу жүргізіліп жатыр. Ата-ананың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты қылмыстық іс тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпараттың таралуына байланысты қылмыстық іс тіркелген, бүгінде күдіктілерді анықтауға бағытталған жедел жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Бүгін - Абай күні