ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қараша 2023 | 18:55
Талдықорғандағы саябақтар, субұрқақтар және смарт аялдамалар 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі
Талдықорғандағы саябақтар, скверлер мен субұрқақтар және смарт аялдамалар 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Талдықорғандағы саябақтар, скверлер мен субұрқақтар және смарт аялдамалар 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі.
Бүгінгі баспасөз мәслихатында қала әкімі Бәзіл Ернат облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты баяндама жасап, қаланы одан әрі дамытуға бағытталған жаңа жобаларға, тұрғындарды толғандыратын бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.
Сонымен қатар қала басшысы қаланың жасыл желектері енді сенімгерлік басқаруға өтетіндігін айтты.
Өйткені жаз айларында жасыл желектер дер кезінде суғарылмай, қурап қалған. Конкурс арқылы жауапты мекеме уақытында анықталмай тиісті жұмыстары жүргізілмеген. Соның кесірінен шахардағы жасыл желектің бірсыпырасы шығынға ұшырады. Бұл мәселеге қала тұрғындары назар аударып, биліктегілерді сынға алды.
"Жыл сайын әртүрлі ұйымдардың өз қызметін тиісті деңгейде жүргізбейтіндігін ескере отырып. Саябақтарды, скверлер мен субұрқақтарды, сондай-ақ барлық 21 смарт аялдамаларды 5 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру тиімдірек болады деп сенеміз. Біздің ойымызша, бұл жасыл желектерді, суару жүйелерін және басқа да жабдықтарды дұрыс күтіп ұстауға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы барлық жұмыс басталды", - деді қала басшысы.
Сонымен қатар, қала аумағына енді қарағаш, емен, қарағай, үйеңкі сияқты ағаш көшеттері егілмек. Жоспарланған 5 мың түп көшеттің 3 мыңы отырғызылып қойды.
Бұған қоса, қала аумағында осы аймақтың ауа-райына бейімделген ағаш көшеттерін өсіретін 2 тұқымбаққа( питомник) жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы арқылы қаланың көгалдандыру жұмыстары шешілмек.
Сондай-ақ, қала әкімі смарт аялдамаларға қатысты тың жаңалығымен бөлісті. Ернат Дүйсенбекұлы аялдамаға қатысты проблеманың барын жасырмады. Бірақ оның да шешімі табылғанын , алдағы уақытта смарт аялдамалар ретке келтіріліп, белгіленген кесте бойынша жұмыс істейтінін айтты.
Жалпы биыл 145 ауланы абаттандыру үшін 21 шарт жасалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Материалды Жетісу облысының әкімдігі ұсынған
Показать комментарии
Читайте также