Талғардағы оқиға: полицейлердің әрекетсіздігіне қылмыстық іс қозғалды

Фото:depositphotos.com

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданында полицейлердің зорлау күдігіне ілінген ер адамды босатып жіберу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Күдікті кейін жәбірленушінің ағасын өлтіріп, кішкентай қызын ұрлап әкеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Облыс прокуратурасы Талғар ауданы ПБ қызметкерлерінің әрекетсіздігі (ҚК 370-бабы, 4-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғады. Олар зорлау күдігіне ілінген ер адамды ұстауға қажет шара қолданбаған. Нәтижесінде күдікті Қызылқайрат ауылында ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қызды ұрлап әкеткен", – делінген хабарламада.

Қазір істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.

Реклама
Реклама

"Прокуратура жалған ақпарат таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеді және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа деректер жарияланбайды.

Айта кетейік, Талғардағы оқиға кезінде ұрланған кішкентай қызға дәрігерлер сәтті ота жасап, тіліне сегіз тігіс салған. Бұл туралы адвокат Гаухар Сәриева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама